Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді құқықтық қорғауға қатысты тұсаукесерсімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 4 қараша күні кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын күшейтуге қатысты ұсыныстардың тұсаукесерсімен танысты.

    Өзбекстанда кәсіпкерлерге экономиканың тірегі ретінде қаралады және бизнес ортасы барған сайын қолайлы болып келеді. Махалладағы жеке кәсіпкерліктен бастап, ірі жобаларға дейін қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде бизнеске қызығушылық пен одан пайда табуға деген ынта артуда.

    Мұның негізгі себебі – өмір талабына сай кәсіпкерлердің өз ұсыныстары негізінде жұмыс жүргізіліп жатқандығында.

    Дәстүрге сай, биыл да 20 тамыз күні Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен ашық диалог өткізді. Онда айтылған мәселелер мен ұсыныстар негізінде кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын күшейту, тексерулерді реттеу шаралары жасалды.

    Осыған сәйкес, 2025 жыл 1 қаңтардан бастап бір құқық бұзушылық үшін бір жауапкершілік шарасы белгіленетін болады. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қаржылық айыппұл алынып тасталады.

    Сонымен қатар, сандық таңбалау ережелерін және фискалдық белгілерді көрсету тәртібін бұзу, қызметкерлер санын жасыру үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталады.

    Талаптарды жеңілдету мақсатында 2025 жылдың 1 наурызынан бастап соттағы іс екі тарап келісімімен аяқталған жағдайда мемлекеттік баждың бір бөлігін қайтару тәртібі енгізіледі.

    Кәсіпкерлердің қызметін бақылауға өкілетті органдар мен олардың бақылау салаларының тізімі бекітіледі. Бұл тізімде жоқ мәселелер бойынша кәсіпкерлердің қызметін тексеруге тыйым салынады. Кәсіпкерлердің қызметіне қатысты барлық тексерулер «Бірыңғай мемлекеттік бақылау» ақпараттық жүйесі арқылы хабарлау тәртібімен жүзеге асырылады.

    2025 жыл 1 қаңтардан бастап, тексерулер «Хавфни таҳлил қилиш» («Қауіпті талдау») электронды жүйесі аясында кәсіпкерлерді 3 санатқа бөліп өткізіледі.

    Тұсаукесерде, сондай-ақ кәсіпкерлер қызметінде заңсыз тексерулердің алдын алу, бақылау органдарының тексеруші қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы да пікірлер айтылды.

    Мемлекет басшысы осы шараларды құқықтық тұрғыдан жетілдіру және әділетті түрде қолдануды қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар берді.