Бұл туралы Гидрометеорологиялық қызмет хабарлады.
12-13 октябрь күндері республиканың барлық аумағында жаңбыр жауады, 13 октябрьде Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында, Өзбекстанның тау бөктерлері мен таулы аумақтардың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, қарға айналады.
Республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 22-25 м/с күшейеді деп күтілуде.
13-14 октябрь күндері ауа температурасы күндіз 10-15 градус, түнде 2-5 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте 1-3 градус суық болуы мүмкін.