Оқыту курстары төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды пайдалану (бастапқы);

математикалық статистика;

алгоритм негіздері;

деректерді өңдеу;

бағдарламалау тілдері (Python);

ағылшын тілі;

қаулы қабылдаудың негіздері.

Оқыту курстарын ұжым болып істеу және басқа салалар бойынша да ұйымдастыруға болады.

Бірінші оқу жылында кемінде 60 тыңдаушы қабылданады, ал келесі жылдары тыңдаушылар саны қажеттілікке қарай көбейтіледі.

Білім алу 34 апталық мерзім ішінде «Блендинг леарнинг – аралас білім беру технологиясы» негізіндегі оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады.

Бұл курстарда оқу үшін байқаудың бірінші жылында Республикалық мемлекеттік ЖОО-ның бакалавриат басқышында (барлық оқу түрі бойынша) 2- курсты нәтижелі бітірген (академиялық қарызы болмаған) студенттер қатыса алады.

Аталған оқу курстарына қабылданған республика аумақтарындағы студенттердің оқуын лайықты және салалас бағыттарда Ташкент қаласында орналасқан  мемлекеттік ЖОО-ға академиялық мобильді негізінде бір жыл мерзімге ауыстырылады.

Оқу курстарына қабылданған студенттер (тыңдаушылар):

осы оқу курстарында оқуы барысында БЕМ-нің төрт еселенген мөлшерінде (1 миллион 320 мың сум)  әр айда бір рет ынталандырылады;

жатақханамен қамтамасыз етіледі немесе оқу орны болған аумақтардағы мемлекеттік ЖОО тарапынан белгілеген тәртіппен жалдау ақысының бір бөлігі төленеді;

оқу кезінде бір рет ыстық тамақпен қаматамасыз етіледі;

білім алу мерзіміне қажетті компьютерлік техникамен (ноутбук және т.б.) қамтамасыз етіледі;

IT-парк резиденттері болған ұйымдарда практикаларға қатысуы қамтамасыз етіледі;