Ереже бакалавриат бағытында 2 және одан жоғары куста оқитын студенттердің оқуы үшін келісімшарт төлемдерін жұмыс берушілер тарапынан төленуін және оқу аяқталғаннан кейін оларды жұмысқа қабылдау тәртібін белгілейді.

Ережеге сәйкес, жоғары білім ұйымдары мен студенттер арасында үшжақты келісімшарттар жасалған кезде қызметкерлер саны 50-ден асатын немесе құны кемінде 1 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобалары бар министрліктер, кеңселер мен ұйымдар тапсырыс беруші ретінде қатыса алады.

Студенттер жыл сайын 20 сентябрьге дейін іріктеуге қатысу үшін жоғары білім ұйымына электрондық өтініш береді. Мұнда үлгерім көрсеткіштері туралы анықтама қоса тіркеледі.

Студенттер оқуын аяқтағаннан кейін тапсырыс беруші кәсіпорын немесе ұйымға жұмысқа орналасу шартымен өтініш тапсырады.

Өтініш беру және іріктеуге қатысатын үміткерлердің ағымдағы оқу жылындағы GPA көрсеткіші 3 және одан жоғары болуы талап етіледі.

Байқау комиссиясы жыл сайын 15 октябрьге дейін жоғары білім ұйымында үміткерлерді сұхбат негізінде іріктеуден өткізеді.

Үміткерлерді таңдауда тапсырыс беруші өкілінің қорытындысы негізгі өлшем болып есептеледі.

Үшжақты келісімшарт жасаған және білімін сәтті аяқтаған студенттер оқуын бітіргеннен кейін тапсырыс беруші белгілеген тәртіп бойынша жұмысқа қабылданады.