Ереже Білім беру сапасын қамтамасыз ету ұлттық агенттігінің мәртебесін, міндеттері мен функцияларын, өкілеттіктерін, құқықтары мен міндеттерін, қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Агенттік орта арнайы, кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімді, кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру және білімін бағалау салаларында сыртқы сапаны бақылауды жүзеге асыратын арнайы өкілетті мемлекеттік органы есептеледі.
Агенттіктің негізгі міндеттері төмендегіле саналады, атап айтар болсақ:
білім беру ұйымдарында ішкі сапаны бақылау өлшемдері мен тәртіптерін жетілдіру және тиімді енгізу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар беру;
білім беру ұйымдарында білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың тиімділігін зерделеу бойынша ғылыми-тәжірибелік зерттеулерді жүргізу және сауалнамаларды жүргізу.
Агенттіктің құрылымына Агенттіктің орталық аппараты және Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту институты кіреді.









