баннер
2 Apr 2025
07:26

    Танзила Нарбаева Жызақ қаласында жас велоспортшылармен кездесті

    Спорт 28 Fevral 2024 1514

    Жызақ облысында іссапармен жүрген Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрайымы, еліміздің велоспорт федерациясының басшысы Танзила Нарбаева Жызақ Олимпиада және Паралимпиада спорт түрлеріне дайындау орталығында болды.

    Сапар барысында Танзила Нарбаевамен Жызақ облысының әкімі Эргаш Салиев бірге аралады.

    Орталықта велоспортпен шұғылданушы жас оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.

    Танзила Камаловна жас спортшылармен кездесіп, оларға жасалып жатқан жағдайлар, оқу барысы туралы шынайы сұхбаттасты. Олардың жаттығу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар федерация облыстық бөлімінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту мақсатында бір «Дамас» автокөлігі мен 10 трек велосипедін сатып алуға 200 миллион сум бөлді. Бұл жызақтық жас велоспортшылардың құлшынысын одан әрі арттырғаны сөзсіз.

    Федерация төрайымы сапар барысында велоспорт бойынша Өзбекстан жастар құрама командасының мүшесі, жызақтық Нозима Эгамбердиевамен де кездесті. Оған соңғы жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткені үшін 50 миллион сум көлемінде ақшалай сыйлық тапсырды, деп хабарлайды Ұлттық олипиада комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech