Бұл жоба Өзбекстан тарихындағы ең ірі халықаралық
ғарыштық жобалардың бірі болып, елдің ұлттық
ғарыш бағдарламасының дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына жол ашты. Сонымен
қатар, жоба Өзбекстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты
одан әрі нығайтуға қызмет етеді.
Жоба аясында «Узбеккосмос» агенттігінің мамандары
жасанды серіктің бортында жұмыс істейтін арнайы жасанды интеллект модулін
әзірледі. Бұл технология гиперспектралды деректерді тікелей орбитада өңдеуге
мүмкіндік беріп, ақпаратты жеткізу мен талдау тиімділігін арттырады.
«Samarqand-2028» миссиясы ауыл шаруашылығы, экология, табиғи
ресурстарды мониторингтеу, су ресурстарын басқару, төтенше жағдайларды бақылау,
қала құрылысы және басқа да салаларда ғарыштық технологияларды тиімді
пайдаланудың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жасанды серікке «Samarqand-2028» атауының берілуі рәміздік мәнге ие. Бұл атау 2025
жылы Сидней қаласында болып өткен Халықаралық астронавтика
конгресінде (IAC) қабылданған қаулысымен
2028 жылғы конгресс Самарқант
қаласында өткізілуі жоспарланған.
Бұл жоба Өзбекстанның әлемдік ғарыш қауымдастығындағы
орнын нығайтуға, ұлттық инженерлік әлеуетті дамытуға, сондай-ақ жасанды
интеллект пен ғарыштық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты
жаңа деңгейге көтеруге маңызды үлес қосады.