Фестивальға Ташкент қаласында жасайтын 18 жастан 30 жасқа дейінгі жастар командалары қатысады.
Фестивальдың мақсаты — жас ұрпақты спортқа жұмылдыру арқылы салауатты тұрмыс салтын қалыптастыру, спорт түрлерін тұрғындар арасында бұқараландыру және дамыту, жарыстарды өткізу арқылы жасөспірімдер мен жастардың жігерін, өз күшіне сенімін, ерлік пен отансүйгіштік сезімдерін арттыру.
Жарыстар спорттың волейбол (ұлдар мен қыздар) бадминтон, шахмат, үстел теннисі, күрес, қол күресі, көше спорты (Street Workout), көше васкетболы (Street Ball), армрестлинг, баһадырлар күресі, футбол, сондай-ақ жеңіл атлетиканың жүгіру түрлері бойынша ұйымдастырылады.
"Жаңа Өзбекстан жастары бірлесейік!" ұранымен өтетін спорт жарыстары Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты спорт-сауықтыру кешенінде, яғни "Жар" спорт кешенінде 28-29 июнь күндері өткізіледі. Әрбір қатысушы тек бір спорт түрінде қатысу құқығына ие.
Жарыста Ташкент қаласындағы 12 ауданның өкілдері спорт түрінен бір команда болып қатысуы мүмкін. Қатысуы талаптарының Ережеге сәйкес 25 июнь күні сағат 18:ге дейін тапсырылуы белгіленген.