Татарстан делегациясы Шыршық қаласында болды

    Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және өнеркәсіп министрі Альберт Анварович Каримов басшылығындағы делегация өкілдері Ташкент облысы әкімі Даврон Хидоятов ынтымақтастығында Шыршық қаласындағы сирек кездесетін металдар мен қатты қорытпалар өндіру бойынша ғылыми өндірістік бірлестіктің қызметімен танысуда.

    Аталмыш кешенде 2021 жылдың январь-май айлары бойынша, тауар өнімдерін өндіру жоспары 145,2 пайызға орындалған. Өсу қарқыны 109,8 пайызды құрайды.

    Сонымен қатар, биыл бірлестіктің еңбек ұжымының алдына 714,3 тонна отқа төзімді керамикалық өнімдерді өндіру міндеті қойылған, май айына дейін өнімді дайындау жоспары 109,8 пайыз орындалды.

    Бұдан тыс, 90,4 тонна молибден металы өндіріліп, іс жүзіндегі жоспар 116,5 пайызға жеткен.

    Кездесуде жақтар аумақтағы сауда-логистикалық тармағын дамыту, металл, құрылыс материалдарын өндіру, технологиялық кәсіпорындар қызметін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқылануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates