Татарстан мемлекеті мен Ташкент облысы арасындағы болашағы зор жобалар

    Үстіміздегі жылдың 6-8 апрель күндері Ташкент облысы әкімінің орынбасары, облыстық инвестициялар және сыртқы сауда басқармасының басшысы Наджмиддинқожа Шарипов Татарстан Республикасының Қазан қаласына іссапармен барып қайтты.

    Сапар аясында Татарстанның «Компрессормашремсервис» компаниясының директоры Александр Черняковпен ұйымдастырылған кездесуде аталмыш кәсіпорынмен ірі компрессорларды жөндеу және оларға қосалқы бөлшектер шығаруды ұйымдастыру бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Серіктестікпен ынтымақтастықта «Алмалық тау-кен металлургия комбинаты» АҚ, «Ташкент ЖЭС» АҚ, «Maxam-Chirchiq» АҚ, «Ангрен ЖЭС» сияқты ірі кәсіпорындардағы жұмыс істеп тұрған компрессорларды жөндеу бойынша бірлескен жобалар солар қатарында.

    Келіссөздер барысында Ташкент облысының инвестициялық әлеуеті, «Ангрен», «Чирчик-Химград» еркін экономикалық аймақтарының мүмкіндіктері туралы тұсаукесер де жүзеге асырылды.

    «ICL» компаниялар тобы басшысының орынбасары Сергей Соловьевпен IT инфрақұрылымы, жүйелік интеграция, деректер жүйесі мен цифрлық шешімдерді жарату, компьютерлер мен серверлерді өндіру, сондай-ақ Өзбекстанда IT-парктерімен, ретейл кәсіпорындар мен ІТ жүйесінде жұмыс істеп жатқан ірі компаниялармен кездесулер ұйымдастыруға келісілді.

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына мамандандырылған «ETERNITY» ІТ мектебінің қызметімен жақыннан танысты.

    Осы салаларда Өзбекстан базарын үйреніп, компьютерлер мен серверлер өндіру, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік нысандардың өндіріс жүйелеріне автоматтандыруды енгізу үшін инвестиция тарту мәселесі қарастырылды.

    Сондай-ақ сапар барысында басқа да кәсіпорындар мен компаниялардың басшыларымен де бірқатар бағыттар бойынша келіссөздер жүргізді.

    Атап айтқанда, «АРХИТЕКТУРНОЕ БЮРО АБ1» компаниясының директоры Иван Мошкамен өткен кездесуде электрмен жабдықтауды тарату және автоматтандыру бойынша техникалық шешімдерді жасау, сондай-ақ жылдам құрылатын ғимараттарды салу бойынша ынтымақтастық жасауға келісіп алды, деп хабарлайды Ташкент облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates