Татарстан делегациясы махалла институтына қызықты

    Үстіміздегі жылдың 22 майда Ташкент қаласының әкімі м.а. Шавкат Умирзақов Татарстан Республикасының делегациясымен кездесті.

    Делегацияға Татарстан Республикасы Төрағасы Әкімшілігінің басшысы Асғат Сафаров басшылық жасады.

    Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, Шайхонтохур және Сіргелі аудандарының әкімдері мен Ташкент қаласы әкімдігінің бірқатар қызметкерлері қатысты.

    А. Сафаров өңіраралық ынтымақтастығымыздың көп жылдық тарихы бар екенін және оның қарқынды дамуына жоғары деңгейде ұйымдастырылған диалогтың үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол Ташкентте жасайтын 200 мыңнан астам татар қандастарымызға деген құрмет пен мәдени қажеттіліктеріне көрсетілген назарларына ерекше ризашылығын білдірді.

    Мұнан соң, Қазан қаласының мэрі Илсур Метшин шынайы қабылдағанына ризашылығын білдіріп, өзін-өзі басқару органдарының, атап айтқанда, әлемде бірегей және теңдесі жоқ махалла институттының қызметін үйренуге қызығушылық танытты.

    Ш. Умирзақов махалла азаматтар жиындарының құрылымы мен міндеттері туралы толық ақпарат беріп, қала әкімінің көмекшілері, жастар жетекшілері, белсенді әйелдер мен профилактикалық бақылаушылардың қызметін сипаттады. Сонымен қатар, ол «Әйел дәптері», «Темір дәптер» және «Жастар дәптері», олардың бас қаламыздағы мақсаты мен нәтижелеріне тоқталды.

    Б. Зохидов махалладағы әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұрғындардың бөлігін қолдап-қуаттауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға, сондай-ақ әкімшілік және тағы басқа тиісті ұйымдардың көмегіне мұқтаж азаматтар туралы ақпарат жинау және өтініштер беруге қатысты міндеттеріне тоқталды, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу соңында тараптар диалогты іс жүзінде жалғастырып, елді махаллалардың қызметін жер-жерлерде зерделеуге келісті.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates