Бүгін профессор Исламбек Рустамбеков Азия халықаралық арбитраж орталығының өкілдерімен кездесті.
Кездесуде TМЗУ және Азия халықаралық арбитраж орталығы арасында ADR, сонымен қатар арбитраж, Ислам арбитражы, спорт арбитражы, медиация бағыттары бойынша ынтымақтастық жасау, ТМЗУ-нің студенттері үшін түрлі ббілім және практикалық бағдарламаларды жолға қою, бірге түрлі конференциялар, дөңгелек үстел сұхбаты және тағы басқа да іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру туралы пікір алмасылды.
Келіссөздер соңында екі мекеме арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады.
Іссапар барысында Исламбек Рустамбеков Азия халықаралық арбитраж орталығының қызметімен, мұнда жасалған жағдай және мүмкіндіктермен, орталықтың кітапханасымен жақынан танысты.