Жергілікті және шетелдік тәжірибелі мамандармен келіссөздер жүргізді. Бұл ретте, бапкерлер кеңесі ұсынған ұсыныстар да жан-жақты қаралды.

Әлем чемпионаты іріктеудің шешуші ойындарына аз ғана уақыт қалғанын ескеріп, ол команда және футболшылармен жақсы таныс болған, ұзақ жылдар  барысында ұлттық құрама ретінде  доп тепкен және бас бапкер, көмекші бапкер ретінде қызмет еткен, сондай-ақ Өзбекстанның Олимпиада құрама командасымен тарихи нәтижеге қол жеткізген Тимур Кападзе кандидаты алға тартылған. Қазіргі жағдайда УФА дәл Кападзенің бапкерлік қабілеті, жауапкершілігі, команда мүшелері арасындағы ұстанымы, сонымен қатар әрқашан биік мақсатқа ұмтылуы сияқтыжақтары арқылы  маңызды кездесулерде оң нәтиже береді деп есептейді.

Өзбекстан ұлттық құрама командасы қазірде Катарда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Осы жиынға Тимур Кападзе қосылып, команданы басқаруды қолға алады.