Жиналыс «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ басқару төрағасының орынбасары А.Камилжанов пен «Қазақстан темір жолы МК» АҚ басқару төрағасының орынбасары Э.Қойшыбаевтың басшылығымен өтті.

Бұл келіссөздер 2024 жылғы 5 апрелінде Хиуа қаласында өткен  екіжақты кездесуге арналғанболып, онда қол жеткізілген келісімдер негізінде, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының аумақтарындағы мультимодальды көліктік және терминалдық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ біріккен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижесінде тараптар арасында жиналыс Хаттамасына қол қойылды және оған сәйкес жоғарыда аталған мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында  Жұмысшы топты құруға келісілді, деп хабарлайды «Ўзбекистон темир йўллари»  АҚ баспасөз қызметі.