Бизнес-форумы жұмыс бастады

    Бизнес 25 May 2021 1487

    Термез қаласының Өнер сарайында Өзбекстан-Ауғаныстан бизнес форумы өз жұмысын бастады.

    Бизнес-форумға және басқа қосымша шараларға қатысу үшін Ауғаныстан бизнес жұртышығының 70-тен астам өкілі, сонымен қатар облыстардың әкімдері мен жауаптылары келген.

    Сыртқы істер министрлігі экономика дипломатия басқармасының мәлімдеуінше, шарада бірқатар жергілікті кәсіпорындар өз өнімдерін көрсетуде. Сонымен бірге, олар ауғаныстандық серіктестерімен экспорт және инвестиция мәселелері бойынша сұхбат өткізді.

    Термез Өнер сарайының ғимаратында және ашық алаңдарында Сұрқандария облысының барлық аудандары, сондай-ақ Ташкент, Ферғана, Наманган, Әндіжан, Самарқант, Қашқадария, Науаи облыстары мен Ташкент қаласының өндіріс орындары да экспорт әлеуеті көрсетілуде.

    Еске сала кетеміз, үстіміздегі жылдың январь-апрель айыда Өзбекстан және Ауғаныстан арасында сауда айналымы 234 миллион 600 мың долларды құраған. Бүгінде экспорт көлемі 234 миллион долларға, импорт 600 мың долларға тең болды, деп хабар берді «Дуне» АА.