Шавкат Мирзияев Терміз халықаралық сауда орталығының бас жоспарымен танысты

    Билік 1 Iyun 2021 6450

    Президент Шавкат Мирзияев Терміз халықаралық сауда орталығының бас жоспарымен танысты.

    Бұл орталыққа Терміз ауданынан 26 гектар жер бөлінген. Жалпы құны 75 млн доллар тұратын осынау орталықта өнімдерді қабылдау, сақтау, өңдеу, сұрыптау және орау кешендері, сондай-ақ сату қызметтері жолға қойылады. Қажетті инфрақұрылым желілері салынады.

    Жоба бойынша мұнда 1800 сауда орны, сыйымдылығы 50 мың тонна логистикалық орталық, 400 адамға арналған екі қонақ үй, аурухана, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету шеберханаларын салу көзделген. Ғимараттың бірінші қабатында сауда нүктелері, ал екінші қабатында жеңіл өндіріс кәсіпорындары орналастырылады.

    Халықаралық сауда орталығының жылдық сауда айналымы 500 миллион долларға, қызмет көлемі 10 миллион долларға бағаланаған. Соның негізінде 192 миллион долларлық экспорттық қуат пайда болады.

    Орталықтың құрылысын бастау үшін Қайта құру және даму қорынан 10 миллион доллар бөлінген. Ал оны 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

    Мемлекет басшысы орталық ғимараттарын жеңіл құрылымдардан тұрғызуды, аймақтық кәсіпкерлерді жұмыс пен экспорттық қызметке тартуды және шетелдік кәсіпкерлерге барлық қажетті жағдайларды жасауды тапсырды. Мұндағы тәжірибеге сүйене отырып, кейінірек басқа да көршілес елдермен шекаралас аудандарда осындай сауда орталықтарын құру қажеттілігі баса айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates