АҚШ компаниясы кәсіптік білім беруді жетілдіруде ынтымақтастық жасайды

    Ағымдағы жылдың 19сентябрінде жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Кунғиротбой Шарипов АҚШ-тың GWP Solutions компаниясының бас менеджері, профессор Джон Пайл мен «Wебстер» университетінің атқарушы директоры Расул Рахмановты қабылдады.

    Тараптар Өзбекстан Республикасы үшін кәсіптік-техникалық оқыту орталығының үлгісін жүзеге асырудың кешенді стратегиясын әзірлеуді талқылады.

    Кездесуде жастардың жоғары оқу орнына түспей-ақ кәсіптік білім алуға дайындау жөнінде пікір алмасылды. Әр облыстың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, аймақтық тренингтерді дамытуға және кадрларды даярлау мәселелеріне көңіл бөлінді.

    Министр Қ.Шарипов кәсіптік-техникалық білім беру мәселесі мемлекетіміз үшін өзекті мәселе екендігін атап өтіп, «Wебстер» университетімен жүзеге асырылуы жоспарланған жоба үшін Қарақалпақстан Республикасында кәсіптік-техникалық оқу орталықтарының пилоттық жобасын жүзеге асыру ұсынысын алға тартты.

    Профессор Джон Пайл бұл ұсынысты қолдап, тараптар пилоттық жоба бағдарламасын әзірлеуге келісті, деп хабарлады Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates