Жақында жаңа түрдегі плацкарт класындағы вагондар жолға шығады

    Көлік 17 Oktabr 2022 2308

    Орталық Азиядағы бірегей «Ташкент жолаушылар вагондарын жасау және жөндеу зауыты» акционерлік қоғамы бірінші плацкарт класындағы вагонның жаңа нұсқасын шығарды.

    Аталмыш вагонды «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ басқару төрағасы міндетін атқарушы Х.Хасилов жолаушыларға жасалған жағдайды аралап көріп, одан әрі жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты, пласкарт вагондағы ішкі жақтарының маңызды тұстары мен тағы неге көңіл бөлу керектігін айтып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

    Жаңа көріністегі пласкарт вагонының ерекше жақтарына тоқталатын болсақ, оның осы типтегі алдыңғы буындардан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін атап өтуге болады. Мұндағы әрбір орындық арнайы пердемен жабдықталған, оны жауып, басқа жолаушылардан өз орныңызды жабық капсулаға айналдыра аласыз. Вагонның әрбір бөлігінде 220 В және USB порттарына арналған розеткалар бар. Төменгі сөрелерде жолаушыларға ыңғайлы болу үшін арқаны сүйенетін жұмсақ орындар қойылды.

    Жоғарғы сөрелерге көтерілуге ​​арналған баспалдақ жаңартылды. Енді вагонда арбамен өтіп бара жатқандарға кедергі жасалмайды. Ол жоғарғы қабаттағы сөреге тірек ретінде қызмет ететін металға орналасқан. Орындар саны өзгеріссіз қалды – 54, деп хабарлайды «Ўзбекистон темир йўллари» АҚ баспасөз қызметі.