Жүз жылға жуық тарихы бар бұл мекеменің өнерді дамытуда, жастар тәрбиесінде, халықтың мәдени өмірінде лайықты орны бар. Соңғы жылдары театр күрделі жөндеуден өтіп, жабдықтары жаңартылды. 2017 жылы оған академиялық театр мәртебесі берілді.

Мемлекет басшысы мұнда жастар және өнер саласы өкілдерімен бірге көркем бағдарламаны тамашалады.

Қарақалпақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бағдарламада осы тұсы әсерлі кейіпте көрсетілді. Халық эпосынан үзінділер, «Шағала», «Дембермес», «Нигарым» сияқты әндер орындалды. Алишер Науаи, Бердақ, Мақтымқули, Абай шығармаларынан үзінділер оқылды. Өзбекстан Қаһарманы Ибрайым Юсуповтың қаламынан туған «Туысқандық» поэмасы мен «Өзбекстан» әні ұлтаралық татулықтың, бірлік пен бейбітшілік қадірін асқақтатты.

Президент осы жерде қарақалпақ өнерпаздары, мәдениет саласының өкілдерімен сұхбат құрды. Көркемдік бағдарламаны жоғары бағалады.

Өзбек пен қарақалпақтар екі тілді бір халық. Ғасырлар бойы бірге өмір сүріп, дос, туыс болып, бір елге айналып кеткен. Олар бүгінде еліміз тыныштығы мен дамуы жолында бірлескен. Бұл тек сахнада ғана емес, өмірде де байқалуда.

Мемлекет басшысы осы құндылықтарды дәріптейтін спектакльдерді көбірек қою, гастрольдік сапарларға шығу, жастарды театрға қайтару, олардың мәдениетін арттырудың маңыздылығын айтты.