Президент Кинематографистер сарайында болды

    Билік 16 May 2024 2110

    Президент Шавкат Мирзиёев Кинематографистер сарайында болды.

    Бұл мекен 2021 жылы толық жөндеуден өтіп, оның жағдайы жақсартылды. Үлкенді-кішілі залдар, жазғы кинотеатр мен бөлмелер заманауи үлгіде жабдықталған. Бүгінде мұнда жалпы 3 мың көрерменді қабылдауға болады.

    Мемлекет басшысы алдымен Өзбекстан кино өнері мұражайында болды. Мұражай 1972 жылы құрылған, бұрын ол мұражай-мұрағат қызметін атқарған. Онда елу мыңнан астам тарихи заттар, костюмдер, картиналар мен кинотаспалар бар.

    Қазір мұражай Кинематографистер сарайына көшіріліп, көрмеге қойылды. Бірінші қабат өзбек киносының тарихы мен негізін салушыларға, кейінгі жылдардағы жетістіктеріне арналған. Екінші қабатта тарихи фильмдердегі костюмдер, белгілі режиссерлердің өмірі мен шығармашылығы бейнеленген. Кино көргу ниетінде келген кісі бұл тарихпен танысуы маңызды.

    Шавкат Мирзиёев осында режиссер, актер, кинотануншы және сала басшыларымен әңгімелесті.

    – Кейінгі жылдары ұлттық киномыз қайта «оянды» десек, дұрыс болар. Деңгейі жоғары, заманауи сапалы фильмдер пайда болды. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Осы ретте кинематографияны дамыту үшін тағы не істеуіміз керек деген сұрақ мені мазалайды. Тарихымызды әлемге асқақтатамыз десек, халқымыздың ұлттық намысын көтереміз десек, мұны ең алдымен киноның көмегімен жасауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Сұхбат барысында Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Тірі тарих» сериясындағы фильмдер жобасы таныстырылды.

    Бұл 2024-2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарлама, ол көне кезеңнен бастап, жаңа тарихымызға дейінгі өте үлкен кезеңді қамтиды. Жасалатын фильмдердің тақырыбы кең және алуан түрлі.

    Мысалы, біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда өмір сүрген ұлттық батырымыз Ширақ туралы, ұлттық мемлекеттігіміздің тарихында өшпес із қалдырған Әлп Ер Тунга, Сахибқыран Әмір Темір мен Тимуридтер туралы, әлі күнге дейін толық зерттелмеген Шайбанилер туралы, қарақалпақ акыны Ажинияз бен баска да белгiлi әдебиетшілер және ұлы ғұламаларымыз, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрескерлер туралы айтылу көзделген.

    Жобаға шетелдік әріптестер, атап айтқанда Испания, Германия, Венгрия, Ресей, Беларусь, Түркия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан, және Тәжікстан сынды елдердің кинематография шеберлері де қатысады деп жоспарланған.

    – Әрине, бұл бағдарламалар мен идеяларды жүзеге асыру үлкен материалдық ресурстарды, жүздеген талантты мамандарды қажет ететіні бәрімізге мәлім. Қанша қиын болса да, біз бұл тарихи жобаның қаржылық мәселесін шешеміз. Неге десеңіз, бұл бағдарлама өткенімізді терең түсінуге, осы негізде болашаққа батыл қадам жасауға, жастарды нағыз отаншыл тұлға етіп тәрбиелеуге, Үшінші жаңғыруды орнықтыруға үлкен мотивация болмақ», – деді Шавкат Мирзиёев.

    Әңгімелесу барысында кинематографистер аталған фильмдер сериясын және саланы дамытуға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates