баннер
26 Mar 2025
19:55

    Тау бөктерінде және таулы аймақтарда жауын-шашын қарға айналуы мүмкін

    Узгидромет осы аптада болатын ауа райы болжамын жариялады.

    Ағымдағы жылдың 23 мартта республиканың батыс аумақтарында ылғалды және салыстырмалы түрде салқын ауа массалары кіре бастады.

    Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Науаи облыстарында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты болады.

    24 март күні ылғалды ауа массалары Өзбекстанның барлық облыстарына тарады. Республика бойынша жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болады, найзағай шақпақ шағуы мүмкін. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Ауа температурасы +12...+15 градус шамасында болады.

    Құбылмалы ауа райы жұмыс аптасының соңына дейін сақталады. Республика аумағында кей жерлерде жаңбыр жауады, тек 26-28 март күндері Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында жаңбыр жауу ықтималы аз.

    Осы күндері ауа температурасы бірте-бірте төмендеп, түнде +4...+6, күндіз +8...+13 градус жылы болады.

    Тау бөктерінде және таулы аймақтарда 24-25 март күндері кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қарға айналуы мүмкін) қатты болады.

    Республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында су тасқыны болу қауіпі бар.

    24-25 март күндері республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін.

    Ташкентте: 24 март жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады, 10-12 м/с күшеюі мүмкін. Ауа температурасы 15-17 градус жылы болады.

    25 март күні жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы болады.

    26-27 март күндері өткінші жаңбыр жауады. Жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы болса, күндіз 8-10 градусқа дейін төмендейді.

    Мы в Телеграм
    Text to speech