Бұл туралы Узгидромет ескерту жариялады.

Атап өтілгендей, қауіп негізінен тау етегі және таулы аймақтарда байқалуы ықтимал.

Сұрхандария облысы: Сарыасия, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шерабад, Шурчи, Қумқурған, Музработ аудандарында;

Самарқант облысы: Үргіт, Самарқант, Булунгур, Нұробод, Қушрабат, Каттақорған, Пайарық, Жамбай, Иштихан аудандарында;

Науа облысы: Хатырчи, Навбахор, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандарында;

Жызақ облысы: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш, Янгиобод аудандарында;

Ташкент облысы: Ахангаран, Бостандық, Паркент, Піскент, Құйшыршық, Жоғары Шыршық аудандарында және Ангрен, Алмалық қалаларында;

Наманган облысы: Поп, Касонсай, Чартак, Чуст, Наманган, Янгиқурған аудандарында;

Ферғана облысы: Суқ, Шахимардан, Ферғана, Бешарық аудандарында;

Әндіжан облысы: Әндіжан, Асака, Жалакудук, Қорғонтепа, Пахтаобод, Ізбасқан, Ходжаобод, Мархамат аудандарында және Ханабад қаласында сел және су тасқыны құбылыстары болуы мүмкін.

Кейбір жерлерде жауын суының жиналуына байланысты аумақтарды су басу ықтималдығы да атап өтілді.

Осыған байланысты тау етегі және таулы аймақтарда тұратын тұрғындардан, демалушылардан және осы бағыттарда жүретін жүргізушілерден сақтық шараларын сақтау, ауа райының өзгерістеріне бейжай қарамау сұралады.