Тәжікстан Республикасы нотариалдық палатасы делегациясы алғаш Өзбекстан Нотариалдық палатасы басшылығымен кездесті.
Кездесу барысында қонақтардың назарына Өзбекстандағы нотариат саласына енгізілген жаңалықтар, автоматтандырылған «Нотариус» ақпараттық жүйесі арқылы халыққа көрсетілетін құқықтық қызметтер, жекеменшік практикамен шұғылданатын нотариустар қызметіндегі Медиация туралы Заң аясында нотариустардың кәсіби медиатор ретіндегі қызметі, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық, Сыртқы істер министрлігімен қол қойылған меморандум аясында артықшылығы, нотариустардың өз ұжымын қалыптастыру, жұмыс уақытын өзі белгілеу, нотариустардың білімін өзі жетілдіру, атқарылған істер нәтижесінде консулдар тарапынан шетелде уақытша жасайтын Өзбекстан азаматтарына көрсетілген нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асырудың жеңілдетілгені, сондай-ақ Нотариаттық палатаның халықаралық аренаға шығуы, шет мемлекеттердің нотариалдық жүйелерімен жолға қойылған өзара ынтымақтастық туралы баяндама ұсынылды.
Қонақтар Өзбекстан Нотариалдық палатасының қысқа мерзімде Халықаралық нотариустар одағының мүшесі болғанын тілге тиек етті.
Сапар барысында тәжікстандық нотариустар Заңгерлер білімін жетілдіру орталығының және Әділет министрлігінің басшылығымен кездеседі, сондай-ақ қонақтар Ташкент, Самарқант қалаларындағы қызмет көрсететін жекеменшік нотариустардың қызметіндегі жоғарыда айтылған жаңалықтардың практикада қолданылғанымен жақыннан танысады, деп хабарлайды Нотариал палатасының баспасөз қызметі.