Тәжікстан Президенті Өзбекстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

    Билік 25 Oktabr 2021 4357

    25 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгімелесу басында Тәжікстан Президенті Өзбекстан басшысын Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, бауырлас өзбек халқына өркендеу тіледі.

    Екі ел арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мәселелері қаралды.

    Екіжақты тауар айналымының өсу қарқыны, өнеркәсіптік кооперация жобаларын ілгерілету, автобус қатынасын қалпына келтіру, денсаулық сақтау және кинематография салаларында белсенді байланыстар жолға қойылғаны қуанышпен атап өтілді.

    Сонымен қатар, аймақтық күн тәртібіндегі, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқыланды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates