Токио-2020 қаһармандарына Президент сыйлық тапсырды

    Спорт 10 Avgust 2021 3209

    Токио-2020 ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан Өзбекстан делегациясы мемлекетіміз тарапынан бөлінген арнайы чартер рейсте Отанымызға қайтып келді.

    Жеңіспен оралған спортшыларымызды үкімет басшылары, кең спорт жұртшылығы мен мыңдаған жанкүйерлер қарсы алды. Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық аэропортында өткен шарада Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрағасы, Өзбекстан велосипед спорты федерациясының басшысы Танзила Нарбаева және Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Абулла Арипов делегациямызды күтіп алды.

    Жауаптылар олимпиадашыларға Президенттіґ құттықтауын және өздерінің шынайы тілектерін білдіріп өтті. Шараға Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Абдужаббор Абдувохидов және Ташкент қаласының әкімі Жахонгир Ортиқхужаев та қатысты.

    Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрі, Өзбекстан және Қарақалпақстан халық әртісі Озодбек Назарбеков, Өзбекстан халық ақыны Махмуд Тоир, Өзбекстан және Қарақалпақстан халық әртісі Ядгор Саъдиев, Өзбекстан халық әртісі Юлдуз Усманова да өз тілектерін жолдады.

    Содан соң чемпиондарымыз Акбар Жураев, Улуғбек Рашитов және Баходир Жалолов, олардың аналары үкіметіміз тарапынан жасалған жағдайға риза екендерін білдіріп, барлық жерлесімізді жеңіс кезінде қолдап-қуаттап тұрғаны үшін алғыс айтты.

    Соң, олимпиадашыларымыз арнайы автобустарда Ташкенттің орталық көшелерінде серуендеді. Оларды жан-жақты қала тұрғындары қарсы алды.

    Шараны Ұлттық комитет жалғастырды. Ол жерде Жаңа Өзбекстан қаһармандарына Президент сыйлығы — чемпиондарға “Tahoe” машинасы және 4 сөтік коттеж, қола медаль иелеріне “Trebleizer” және 2 бөлмелі пәтердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

    Өз кезегінде спортшыларымыз көрсетілген мұндай риза екендіктерін, болашақта Отанымыздың туын тағы да көкке көтеруге уәде берді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates