Токио әуежайында ұшақтар соқтығысты: бес адам қаза тапты

    Өткір сигнал 2 Yanvar 2024 1020

    Токионың «Ханэда» әуежайында Japan Airlines компаниясының жолаушылар ұшағы жағалау күзетші ұшағымен соқтығысуы нәтижесінде өртеніп кетті. Лайнердегі барлық жолаушылар құтқарылды, бірақ жағалау күзет ұшағының бортындағы бес адам қаза тапты.

    Жапон Премьер-министрі Фумио Кисида ұлттық телеарнадан тікелей эфирге шығып, кешегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде жағалау күзет ұшағының алты экипаж мүшесінің қаза тапқанын растады.

    Бұған дейін NHK өкілі бес адамның қаза тапқаны туралы хабарлап, жағалау күзет ұшағының капитанын құтқарып қалғанын, бірақ ол ауыр жарақат алғанын хабарлаған.

    Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де қатты жер сілкінісі болған Исикава префектурасындағы Ното жарты аралы аумақтарына азық-түлік жеткізіп беру кезінде жағалау күзетінің ұшағы Japan Airlines әуекомпаниясы жолаушылар ұшағының ұшу-қону жолағына қонуы кезінде соқтығысты.

    Кейін Japan Airlines ұшақтағының бортындағы 379 адамның барлығы құтқарылғанын хабарлады. Олардың арасында жолаушылар мен экипаж мүшелері болған, олардың барлығы арнайы ауа толтырылған трап көмегімен эвакуацияланды.

    Өртке оранған Airbus A350 маркалы жолаушылар ұшағы 2021 жылы шығарылған. Бұл JAL516 рейсі Хоккайдо аралындағы «Титосе жаңа әуежайынан» жүзеге асырылған, деп хабарлайды BBC News.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates