“Ташкент — Нөкіс — Ташкент” бағыттарында қосымша пойыздар қатынауы жолға қойылады

    Көлік 27 Iyul 2021 1461

    Жолаушыларға қолайлылық туғызу мақсатында, 2021 жылы 31 июльден бастап, “Ташкент — Нөкіс — Ташкент” бағытында 154/153- санды қосымша жолаушылар пойызы қатынауы жолға қойылады.

    Қозғалыс кестесіне қарағанда “Ташкент — Нөкіс” бағытындағы 154-санды жолаушы пойызы аптаның сенбі күні сағат 20:13 те Ташкент оңтүстік темір жол вокзалынан,

    “Нөкіс — Ташкент” бағытындағы 153-санды жолаушы пойызы әр аптаның базар күні сағат 18:40-та Нөкіс темір жол вокзалынан қатынауын жүзеге асырады, деп хабарлады Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі “Oztemiryolvchi” АҚ мәліметтеріне сүйеніп.

    Сонымен қатар, хабар арқылы қосымша мәліметтерді Ташкент қаласында 1005 қысқа телефон саны, жерлердегі темір жол кассалары мен мәліметтер бюросынан алу мүмкіндігін мәлімдеген.