Ташкент жер үсті метросының 19 бекетінің аты өзгереді

    Көлік 30 Noyabr 2022 2901

    Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкент метрополитенінің Қойлық және Сіргелі бағыттарындағы 19 бекетке атау қалай берілетіні туралы қоғамдық талқылау өтеді.

    Жақында қоғамдық пікірді жинақтап, дауыс беру үшін Ташкент қаласы әкімдігінің арнайы веб-парақшасы ашылатыны атап өтілді.

    Қалың жұртшылық тарапынан айтылған ұсыныстарды пысықтау мақсатында жұмысшы тобы құрылып, оның құрамына осы мәселеге жауапты мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан басқа ғалымдар, тарихшылар, филологтар, өлкетанушылар, блогерлер, сарапшылар, топонимика саласындағы үлкен тәжірибеге ие мамандар шақырылды.

    Ақпарат үшін айта кетейік, «Сіргелі» метро желісінің құрылысы 2016 жылдың декабрь айында басталып, 2020 жылдың күзінде пайдалануға берілуі тиіс болатын.

    Жоба бойынша метрополитеннің жаңа бағыты "Чоштепа", "Тошкент ҳалқа йўли", "Сергели", "Афросиёб", "Қипчоқ" және "Чинор" деп аталатын болады.

    Ташкент метросының қызметкері Рустам Полатов 2021 жылдың сентябрь айында жаңа метро желілерінің нөмірленуі уақытша екенін айтты.

    Терминологтар бекеттер салынған жердің тарихы мен өткенін зерттеп, соған сай атау таңдайды. Қазіргі уақытта «Дустлик-Қойлық» жолындағы метрополитеннің жер үсті станциялары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 ретімен аталды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates