Ташкент метросы сайлау күні жұмысын 1 сағат бұрын бастайды

    Көлік 25 Oktabr 2024 1246

    Биылғы жылдың 27 октябрь күні Ташкент метросының барлық бекеттері өз жұмысын 1 сағат бұрын, яғни сағат 05:00-ден бастайды.

    Бұл туралы «Ташкент митрополитені» МУК хабарлады.

    Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 27 октябрь, жексенбі күні «Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы және жергілікті Кеңестер депутаттары» сайлауының өтуіне байланысты Ташкент метрополитенінің барлық бекеттері сағат 05:00-де жұмыс істейтінін ескертеміз.

    Сондай-ақ, осы күні бағыттар бойынша пойыздар қозғалысы жұмыс күндеріне бекітілген тұрақты кесте негізінде ұйымдастырылады.