Ташкент метрополитеннің Жер үсті айналма жолы бағытындағы 14 бекеттен құралған «Технопарк – Қыпшақ» бекеттері мен бекеттер аралығы бірнеше жылдан бері жолаушыларға қызмет көрсетіп келе жатқаны атап өтілді.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жаңадан салынып жатқан метро бағыттарында метро пойыздар қозғалысы мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапалы қызмет көрсету мақсатында, жер үсті эстакадалары мен бекеттері белгілі бір мерзімге пайдалануға берілгеннен кейін, жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу қажет.
Осыған орай, жер үсті айналма жолының «Технопарк – Қыпшақ» бекеттері аралығында кезең-кезеңмен 3 айлық мерзімде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Жоспарлы профилактикалық істердің кейінгі кезегін жүзеге асыру үшін 2025 жылдың 28 июлінен бастап, «Қурувчилар (12-бекет)— «Янгиабад (6-бекет)»бекеттері аралығында метро пойыздары қозғалысы тоқтатылады.
Ташкент метрополитені жолаушыларға ыңғайсыздық тудырмас үшін «Қыпшақ-Янгиабад-Қыпшақ» метро бекеттері аралығына тегін қызмет көрсететін үлкен автобустар (метробустар) жолға қойылады. Бұл автобустардың күнделікті жұмыс уақыты таңғы сағат 05:00-ден түнгі 23:00-ге дейін болады.








