Мемлекет басшысы Ташкенттегі жылу жүйесін жаңғырту жобасының таныстырылымына қатысты

    Билік 2 Avgust 2021 2518

    2 тамызда Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласының жылу жүйесін жаңғырту жобасының таныстырылымына қатысты.

    Ташкент - халқы жағынан да, жылу желісінің көлемі бойынша да елдегі ең үлкен қала. Мұнда 9165 көпқабатты үй, 3475 әлеуметтік нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Алайда магистральдық және тарату желілерінің 72 пайызы, барлық орталық қазандықтар, жергілікті қазандықтардың 90 пайызы ескірген.

    Бұл шығындардың шамадан тыс өсуіне және қызмет сапасының төмендеуіне әкеледі. Мысал ретінде айтар болсақ, өткен жылы жылу энергиясының шығыны 44%, ақшалай түрде 630 млрд сумды құрады. Осы мақсатта 460 миллион текше метр табиғи газ, 55 миллион текше метр ауыз су және 154 миллион киловатт электр энергиясы шамадан тыс пайдаланылған.

    Бұжан бөлек, қызмет көрсету сапасының төмендігі тұрғындардың наразылығын тудыруда.

    Сондықтан 2019 жылдың 2 желтоқсанында «Ташкентті жылумен жабдықтау жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды, онда жүйеге нарықтық принциптер мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу бойынша міндеттер қойылды.

    Осыған байланысты жоба тұжырымдамасы дайындалып, ұсыныстарды алу үшін конкурс жарияланған болатын. Азия даму банкінің қорытындысына орай, француздық Veolia компаниясының жобасы ең тиімді деп табылған. Бұл компания Польша, Чехия, Румыния, Литва, Германия қалаларында жылу жүйелерін басқару тәжірибесіне ие.

    Жақын күндері Ташкент қаласының әкімшілігі мен компания арасында жеке серіктестік туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

    Жобаға сәйкес Veolia компаниясы 315 миллион еуро, ал жоба барысында түскен қаражаттан 1 миллиард 80 миллион еуро бағытталуы көзделген.

    Бұл қаражатқа 181 қазандықты жаңғырту, 28 мың жылу пунктін орнату, 841 шақырым желіні қайта жаңарту және 576 шақырым желіні қайта құру жоспарлануда. Сонымен қатар, 391 арнайы автокөлік пен басқа да техника сатып алынады. Халықаралық техникалық аудит пен биллинг жүйесі енгізіледі.

    Презентацияда бірінші кезекте жеке серіктестік негізінде жылумен жабдықтау қызметін ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу міндеті қойылды.

    Президент ұсынылған жобаны Ташкент қаласындағы аудандардың бірінде үлгі ретінде қолданып, оның тиімділігін тексеру, жан-жақтама ойланып шешім қабылдау қажеттігін айтты.

    Жобаны іске асыру үшін Жылу жүйесін дамыту қорын құру туралы нұсқаулар берілді. Жоба аясында алынған таза пайданың 10% -дан астамы осы қорға аударылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates