Қоғамдық көлік жүйесін дамыту қала өмірінің маңызды аспектілерінің бірі. Бірақ Ташкент қаласында бұл сала қазіргі өзгерістерден артта қалып отыр. Атап айтқанда, соңғы жылдары көптеген тұрғын үйлер салынып, халық саны артып, қала аумағы кеңейді. Ташкент қаласында күнделікті қоғамдық көліктерді 1 миллион 300 мың жолаушы пайдаланады.
Бұл сұранысты қанағаттандыру үшін «Тошшахартрансхизмат» жүйесінде автобустар жеткіліксіз. Олардың көпшілігі ескірген. Соның кесірінен 90-100 автобус жоспардағыдан аз жүруде. Көшелерде қоғамдық көлік басымдығы белгіленбеген. Соның салдарынан жолаушылар автобустарды 20-30 минут күтуге мәжбүр.
Мемлекет басшысы бұл жағдайды қатаң сынға алып, әсіресе қазіргідей суық күндерде бұған жол беруге болмайтынын қадап айтты. Сондықтан күшейтілген тәртіпте жұмыс істей отырып, қысқа мерзімде ең қиын бағыттарға қосымша автобустар шығаруды тапсырды.
Сол үшін жеке кәсіпорындардың автобустары да тартылады. Олар шығындарының бір бөлігін жабу үшін мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Қозғалыс қауіпсіздігі қызметкерлері автобустардың жүруіне қосымша мүмкіндік жасайды.
Сондай-ақ тасымалдау жылдамдығы мен қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету, жүргізушілердің айлық жалақысын көтеру жөнінде тапсырма берілді.
Осы жерде Ташкент қаласындағы қоғамдық көлікті дамытудың тұсаукесері өтті. Атап өткендей, биылғы жылы 277 автобус пен электрлі автобустар сатып алынып, пайдалануға берілді. Автобус қозғалысы мен төлем жүйесі цифрландырылды.
Бүгінгі таңда «Тошшахартрансхизмат» жүйесінде 142 бағыт бар. Жолаушылар ағынының көбейуі болжамы негізінде 167 бағыттан тұратын қоғамдық көліктің жаңа желісі қалыптастырылған. Бұл бағыттарды қамтамасыз ету және Ташкенттегі қоғамдық көлікке деген сұранысты толық қамтамасыз ету үшін тағы 1000 үлкен сыйымдылықты автобус қажет. Бұл арқылы автобустар арасындағы интервалды 7-10 минутқа дейін қысқартуға болады.
Президент автобус сарайындағы көліктерді аралап көрді. Бұл кәсіпорын тәулігіне 22 бағыт бойынша 74 мың жолаушыға қызмет көрсетеді.