Ташкентте жаңа жол мен көпір пайдалануға берілді

    Билік 3 May 2022 4916

    Айт күндері Ташкент қаласында тағы бір кешен – жаңа жол мен көпір ашылды.

    3 мамыр күні Президент Шавкат Мирзияев көлік нысандарын аралады.

    2020 жылдың тамыз айында басталған жоба аясында 6,5 шақырымдық 6 жолақты тас жол мен 6 көпір салынды. Осы арқылы Сіргелі ауданындағы Қыпшақ көшесі Яккасарай ауданындағы Шопонота және Усмон Носир көшелерімен байланысы тиімді болды.

    Осы уақытқа дейін Сіргелі ауданынан қала орталығына қатынайтын көліктер негізінен бір жол – Жаңа Сіргелі көшесімен жүретін. Сағатына 4 мың көлікке есептелген жол шын мәнінде жүктеме оған ауыр, сондықтан таңертең және кешкі уақытта кептеліс болатын еді.

    Міне жаңадан салынған жолдың өткізу қабілеті сағатына 12 мың көлікке жетеді. Бұл кептеліс мәселесін жойып, қала тұрғындарына үлкен қолайлылық туғызады.

    Көпірлер, оларға шығу-түсу бөлігі керемет жобаланған және қолданыстағы жолдарға бағдаршамсыз қосылған. Соның нәтижесінде көліктер басқа бағыттарға тоқтаусыз, ыңғайлы жолмен қосылу мүмкіндігі қарастырылған.

    Тағы бір аспект - ауаға әсері. Өзбекстанда жалпыұлттық «Жасыл кеңістік» жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бірақ бұл ағаш отырғызу ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау дегенді білдіреді. Жаңа жолдың ашылуы нәтижесінде ауаға зиянды газдардың бөлінуі 3 есеге азаяды.

    Жол жиектеріне энергия үнемдейтін шамдар мен жүзім ағаштары орнатылған. Бос аумақтар көгалдандырылып, жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар жасалған.

    Осы жерде Ташкент қаласында жол салу және қаланың көлік жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстардың презентациясы болды. Бүгін ашылған жолды жалғастырып, Сіргелі ауданын айналып өтетін айналма жолға дейін 6 шақырымдық жол салу жобасы бекітілді.

    Мемлекет басшысы жолдардың өткізу қабілетін арттыруға көп көңіл бөлу қажеттігін айтты.

    – Барлық жерде жол салу немесе кеңейту мүмкін емес. Көп нәрсе жол қозғалысын дұрыс ұйымдастыруға да байланысты. Енді жолдар мен қиылыстардың өткізу қабілетін арттыру, цифрландыру арқылы халыққа қолайлылық жасау қажет, – деді Шавкат Мирзияев.

    Мұнда Президент Ташкенттің көрнекті тұлғаларымен, қоғам белсенділерімен сұхбаттасты.

    – Ұлттық құндылықтарымыз бойынша жол, көпір салу – сауап. Халықты ұзағын жақын ететін бұл жолдың бүгінде ұлық мерекелерде ашылып жатқаны да қуантады. Бұған дейін «Сіргеліге 10 үй салуға бола ма?» десе, ешкім сенбейтін. Соңғы бес жылда Сіргелі және Янгихайот аудандарында 800-ге жуық көпқабатты тұрғын үй салынып, 100 мыңға жуық адам баспана алды. Ал қазір жолдар дамып жатыр. Енді алдағы жобалар бойынша сарапшылармен кеңестік. Біз оларды уақытында, тынымсыз еңбекпен, тыныштықпен жасай аламыз, – деді Мемлекет басшысы.