Президент Ташкент қаласындағы жаңа жол мен көпірдің ашылуына қатысты

    Билік 19 Oktabr 2021 9450

    Мемлекет басшысы бүгін Ташкент қаласындағы құрылыс жұмыстарымен танысу барысында, қаланың «Яккасарай» және «Сергелі» аудандарында салынған жаңа жолдың құрылысымен танысты.

    Ташкент қаласы экономикалық және халық саны жағынан да өсіп келеді. Соңғы жылдары жеке автокөліктердің саны 2-3 есеге өсіп, қала көшелерінде күніне 700-800 мыңнан астам көлік қатынайды. Одан қалса күн сайын қалаға жарты миллионнан астам адам келіп-кетеді. Осыған байланысты жол инфрақұрылымы да талапқа сай дамуда.

    Сұранысқа сай жоғарыда айтылған қаладағы екі ауданды байланыстыратын қосымша жол өте қажет болды. Бұл жоба екі кезеңде жүзеге асырылуда. Қазірге дейін Ташкент айналма жолына дейінгі 2 шақырымдық жол құрылысы аяқталды. Кіші айналма жолдың үстіне 788 метрлік көпір, Ташкент айналма жолымен түйіскен жерде 207 метрлік екі эстакадалар салынған болып, олар бүгін ашылды.

    Бұл жаңа жол мен көпір инженерлік шешімге сәйкес өте ыңғайлы. Біріншіден, бұл жаңа көше Ташкенттің ірі көлік артериялары - кіші және үлкен айналма жолдармен қиылысады. Екіншіден, көліктердің жаңа көпірге шығып-түсуі ыңғайлы. Ешқандай бағдаршамсыз немесе бұрылыссыз келесі бағытқа қосылу мүмкіндігі бар.

    Қазіргі уақытта осы жобаның екінші кезеңі бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ташкент айналма жолынан «Қыпшақ» көшесіне дейін 4 шақырымнан астам жол салынуда.

    Жалпы алғанда, бұл 6 жолақты жол мен көпірдің өткізу қабілеті сағатына 12 мың көлікті құрайды. Осылайша, «Сергелі» ауданынан қала орталығына дейінгі жол бұрынғы 40-50 минуттың орнына 20 минутты құрайды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates