Ташкент қаласының 11 ауданында арнайы емханалар құрылды

    Денсаулық 13 Iyul 2021 1248

    Коронавирус инфекциясына күмәнданған адамдар және осы инфекциямен ауырған науқастарға біріншілікті медициналық көмек көрсету, қажетті зертханалық тексерулер өткізу, тексеру нәтижесінде оларға ем-дом шараларын беелгілеу және амбулаториялық емделуді жолға қою мақсатында астанамыздың 11 ауданында біреуден арнайы емханалар құрылды.

    Медициналық-санитариялық мекемелер және қызмет көрсету бағыты жақын болған диспансерлер ғимаратында жұмыс бастаған осы емханалар тұрғындарға күні-түні қызмет көрсететін болады, әрбір орталыққа 3 медициналық бригада біріктірілген және олардың құрамында 2 дәрігер және 2 орта медицина қызметкері бар.

    Науқастарға жедел медициналық көмек көрсету мақсатында осы поликлиникалар рентген, оттегі конденсаторлары, пульсоксиметр, қажетті дәрі-дәрмектер, жұмсалатын материалдар, дезинфекциялайтын ерітінділер мен және реактивтермен, сондай-ақ арнайы медициналық құралдармен қамтамасыз етілген.

    Қазірде астанамыздағы барлық жанұялық емхана осы емдеу мекемелерімен интеграция негізінде қызмет көрсетіп, ол жерге коронавирус инфекциясына күдіктенгендер және инфекцияны жұқтырғандар жанұялық емхананың жолдамасы және “103” қызметі арқылы немесе өздері де хабарласуы мүмкін.

    Егер жылдам медициналық көмекке өтініш жасаған азаматтың шағымына қарағанда, ол коронавирусқа күмәнданса, науқас өзі жасайтын аудандағы арнайы емханаға баруы керек. Бірақ оның жағдайы және мүмкіндігі болмаса, науқастың мекенжайы жазып алынады да ол туралы мәлімет арнайы емханаға жіберіледі. Соң науқас арнайы емхана үшін бөлінген автотранспортпен сол жерге алып барылып, белгіленген стандарттар бойынша медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі.

    Емханаға өтініш жасаған науқастарға арнайы карта ашылады, оған азаматтың динамикалық жағдайы, тексеру және емделу нәтижелері көрсетіледі.

    Өтініш жасағандардың арасында “СOVID-19” инфекциясы анықталмағандар болса, олардан қажетті нақтама алынады және жедел аумақтық санитариялық қызмет зертханаларына жіберіледі. Сонымен қатар, науқастар дәрежесіне қарай іріктеліп, жағдайы жеңіл азаматтарға үйде емделу үшін қажетті нұсқаулар беріледі. Егер науқастың жағдайы ауыр болса, ол дәрігерге жіберіледі де ол туралы азамат жасайтын аумақтық жанұялық емханаға хабар беріледі.

    Мәлімет ретінде айту қажет, бүгінде астанамыздың тұрғындарына тағы да қолайлылық жасау және әрбір ауданда коронавирус ауруына қарсы емдеу істерін нәтижелі жүргізу мақсатында арнайы мобильді автобустар қызметі де жолға қойылған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates