Ташкент қаласының көне қақпалары қалпына келтірілмек

    Урбанизация 18 May 2022 2609

    Ташкент қаласының әкімшілігінде Ташкенттің көне қақпаларын қалпына келтіруді жеделдету, тарих және археология саласындағы жұмыс істеп жатқан сарапшылар мен мамандарды, сондай-ақ басқа да тиісті мемлекеттік ұйымдардың жауапты қызметкерлерін жұмылдыра отырып, қақпалардың нақты тарихи дизайні мен жоба-концепциясын тиянақты әзірлеуге арналған жиналыс өтті.

    2021 жылдың 18 октябрінде Ташкент қаласы әкімінің «Ташкент қаласының 12 көне қақпасын қалпына келтіру және олардың орналасқан координаттарын бекіту туралы» 356-14-0-Q/21-санды қаулысы қабылданып және Жұмысшы топ құрылған.

    Жиналыста Жұмыс топтың бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары қаралды. Биыл астананың 12 көне қақпасының 2-уі қалпына келтірілуде, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама ретінде: 19 ғасырға дейін Ташкент қаласы 12 қақпасы бар берік бекініс қабырғасымен қоршалған. Әрбір қақпа сол аймақтың көне атауына, орталық көшенің атауына немесе оның орналасқан жеріне байланысты аталған: Лабзак, Тахтапул, Қарасарай, Сағбон, Шығатай, Кукча, Самарқант, Камалон, Бешёғоч, Куймас, Қоқан, Қашқар т.б. Әрбір қақпаны арнайы бөлмеде тұратын күзетші (қақпашы) бақылаған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates