Ташкент Сырдариядан келген журналистерді құшақ жайып қарсы алды

    Ел назарында 6 Noyabr 2021 1171

    Кеше бір топ сырдариялық журналистер Ташкентте болды.

    Шараны Өзбекстан Журналистер Одағы, оның Сырдария облыстық филиалы, Республикалық руханият және ағарту орталығының Сырдария аудандық филиалы, «Ойдин йул» газеті редакциясы өзара ынтымақтастықта «Журналист және өмір» жобасы аясында ұйымдастырды.

    Сыр өңірінің өкілдері Жазушылар аллеясында, Өзбекстан Жазушылар одағында, «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің редакцияларында, Ұлттық баспасөз орталығында, «Ғалаба» саябағында болып, шара қызықты да тартымды өтті.

    Әсіресе, Республикалық Ұлттық Баспасөз орталығында Өзбекстан Журналистерінің шығармашылық одағының төрағасы Олимжон Усаровпен, Баспасөз үйінде «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы Салим Дониёровпен, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы, Өзбекстанның халық ақыны Сирожиддин Сайидпен өткен дөңгелек үстел қызықты әрі мазмұнды болды.

    Бағдарлама аясында аталмыш ұйымдардың төрағалары «Ширин садоси» газетінің бас редакторы Облокул Ашуркулов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарат қызметінің басшысы Ғулом Примов, ақпарат және бұқаралық коммуникациялар басқармасының маманы Мохира Юлдошеваларға Өзбекстан Журналистер шығармашылық одағының мүшесі, сондай-ақ шығармашыл журналистер Бойжигит Абдуллаев, Хасан Абдувидов, Рустам Эмин және Алишер Нурға Өзбекстан Жазушылар одағының мүшелік куәліктері мен төсбелгілерін табыс етті, деп хабарлайды «Sirdaryo Xabarlari».

    Мұндай жоғары деңгейдегі шығармашылық шаралар өз кезегінде шығармагерлердің жауапкершілігі мен міндеті одан әрі арттырып, күш-қуат беріп, жігерлендіретініне шүбә жоқ.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates