Ташкент облысы халық депутаттары Кеңесінің кезекті сессиясында Кадастр агенттігінің Ташкент облысы басқармасы тарапынан  ұсынылған қаулы жобасында облысаралық шекара сызықтарын бір сызыққа келтіру мақсатында мынадай өзгерістерді ұсынуда:

- Сырдария облысының 5 (Сырдария, Сейхунабад, Гүлістан Баяуыт аудандары және Ширин қаласы) аумағынан 310,4 гектар жерді Ташкент облысының аумағына өткізілуі;

- Ташкент облысының 6 (Шыназ, Құйшыршық, Аққорған, Бөке, Бекобод аудандары және Бекобод қаласы) аумағынан  347,2 гектар жерді Сырдария облысының аумағына өткізілуі (ортадағы айырмашылық 36,8 га);

- Наманган облысының Поп ауданы аумағынан жалпы көлемі 38,8 гектар жер Ташкент облысы аумағына өткізілуі;

- Ташкент облысының Ахангарон ауданы аумағынан жалпы көлемі 26,3 гектар жерді Наманган облысының аумағына өткізілуі (ортадағы айырмашылық 12,5 га).

Бұл қаулы жобасын депутаттар мақұлдады.