Мемлекет басшысы Ташкент облысында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша таныстырылымға қатысты

    Билік 1 Dekabr 2022 6478

    Президент Шавкат Мирзияев Ташкент облысында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстардың таныстырылымына қатысты.

    Ташкент облысының топырағы құнарлы, суы мол. Оны тиімді пайдаланса, өнімді бау-бақша мен жүзім бағы, қарқынды көкөніс шаруашылығын қолға алып, халықты жұмыспен қамтуға болады.

    Өзбекстан Президентінің осы жылғы 10 қыркүйектегі «Шаруа қожалықтары құруға қолдау көрсету арқылы халықтың табысын арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысында бұл бағытта бірқатар міндеттер айқындалған. Атап айтқанда, 2023 жылы Ташкент облысында 9 мың гектар мақта және астық алқаптары қысқартылып, 25 сотықтан халық игілігіне берілмек. Бұл 60 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мамандардың қатысуымен Ташкент облысындағы пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер зерттеліп, қосымша шаралар әзірленді.

    Бүінгі презентацияда аталған ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Оған сәйкес, облыста 62 мың гектар жер пайдалануға беріледі деп есептелген. Олар жайылымдық өсімдіктерді егу, суды аз қажет ететін майлы, бұршақ және мал азықтық дақылдарды өсіруге, мал өсіруге арналған.

    Сондай-ақ Ташкент облысының әр ауданы жеміс-көкөніс шаруашылығы, картоп өсіру, жүзім өсіру сияқты белгілі бір салаға мамандандырылады. Мысалы «Ахангаран», «Ташкент», «Заңгіата», «Паркент», «Янгиул», «Қыбрай» аудандарында 5 мың гектарға жуық көкөністерді қарқынды өсіру, «Бостандық», «Янгиул», «Ахангаран», «Паркент», «Бөке», «Бекабад», «Чиназ», «Аққорған» аудандарында 1300 гектар жерге бау-бақша өсіру, «Паркент», «Қыбрай» және «Піскент» аудандарында 2000 гектардан астам жүзімдік өсіруге болатыны айтылды. Тұқымдық картоп өсіру үшін Орта Шыршық, Ташкент және Бостандық аудандарында «in-vitro» зертханаларын құру жоспарлануда. Жалпы, бұл шаралардың нәтижесінде 24 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген.

    Мемлекет басшысы осы шараларды мақұлдап, жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates