Ташкент облысының әкімі тағайындалды

    Билік 22 Sentabr 2022 5123

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың қатысуында Ташкент облысы Нурафшан қаласында халық депутаттары Ташкент облыстық Кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтті.

    Мемлекет басшысы сөзінің басында өңір тұрғындарына құрметін білдіріп, олардың елдің экономикасының дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

    – Бүгінгі қауіпті заманда өмір сүру, сыртқы саясатты да, ішкі саясатты да тұрақтандыру, сүйікті Отанымыздың мүддесін қамтамасыз ету, халқымыздың көңілінен шығу оңай емес екенін бәріңіз де түсінесіздер. Ол үшін күн сайын ізденіп, бар мүмкіндікті толық пайдалану қажет. Ташкент көне өлке, табиғи байлығы, өнеркәсібі, жер асты сулары жағынан үлкен облыс. Мен көп адамдармен кездесемін, олар өзгеріс болып жатқанын тайтуда. Бірақ бұл әрекеттер жалғаса ма, бұдан да жақсырақ бола ма деген сауал да жоқ емес. Сондықтан елді мекендердегі мәселелерді халықпен бірге шешу, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын көбейту қажет, – деді Шавкат Мирзияев.

    Сессияда ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Президент Ташкент облысының әкімі қызметіне кандидат Зойир Мирзаевты ұсынды.

    З.Мирзаев 1968 жылы Самарқанд облысында дүниеге келген. Ұзақ жылдар қаржы және экономика салаларында қызмет етті. Самарқанд, Қашқадария облыстарын басқарған және Премьер-министрдің орынбасары ретінде репсубликада агроөнеркәсіп кешенін басқарды. Ол 2021 жылдың қарашасынан бері Ташкент облысының әкімі қызметін атқарып келеді.

    Мемлекет басшысы кандидатты лауазымға бекітпес бұрын оның жоспарын ашық сөйлесу арқылы тыңдауды ұсынды. Зойир Мирзаев кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы мен туризмді, инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға лайықты өмір сүру жағдайын жасау бойынша өз ұсыныстарын айтты.

    Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды мақұлдап, олардың ұйымдастырушылық және қаржылық жағын шенеуніктерге тапсырды.

    Биылғы жылы отбасылық бизнес бағдарламаларына қосымша 200 млрд сум, келесі жылы тағы 850 млрд сум бөлінетін болады. Бұл сала дамымаған Піскент, Бөке, Бекабад, Аққорған аудандары үшін Кәсіпкерлікті қолдау қорынан берілетін кепілдік көлемі несиенің 75 пайызына дейін ұлғайтылып, 2025 жылға дейін салық жеңілдіктері берілді.

    Ташкент облысының өнеркәсіптік әлеуеті зор. «Алмалық», «Шыршық», «Ангрен», «Бекабад», «Ахангаран», «Янгиёл» қалалары ірі өнеркәсіп орталықтарына айналуда. Индустриалды аймақтардың инфрақұрылымын дамыту үшін инфрақұрылымға 250 слрд сум, былғары аяқ киім және тоқыма жобаларына 30 миллион доллар бөлінетіні атап өтілді. Бекабад ауданындағы шекаралық сауда аймағы Ангрен қаласында фарфор және керамика кластерін құру туралы бұйрықтар берілді.

    Ауданның жер-су ресурстары да тамаша. Бірақ өнімділік осыған сай болмай тұр. Расында, жұмысты дұрыс жолға қою арқылы жеміс-көкөніс экспортын екі есеге арттырып, 120 мың адамды жұмыспен қамтуға болады.

    Осы мақсатта 9 мың гектар алқапты шаруа қожалықтарына бөлу, таулы жерлерді игеру, жеміс-жидек, жүзім көшеттерін жетістіру маңыздылығы айтылды. «Ташкент», «Паркент», «Янгиёл», «Қыбрай» аудандарында іске қосылатын логистикалық орталықтарға 50 млн доллар, мал шаруашылығын дамытуға 30 млн доллар бөлінетіні айтылды.

    Ташкент облысында 1 мың 22 махалла бар. Олардың инфрақұрылымын зерделеу барысында 840 ықшамауданның ішкі жолдары, 579 ықшамаудандағы ауыз су және кәріз желілері, 589 ықшамаудана электр және газ жүйесі, 396 ықшамаудандағы мектеп, балабақша, емхана жөндеуді қажет ететіні анықталған. Мемлекет басшысы бұл мәселелердің халықтың өмір сүру сапасы мен балалардың дамуындағы маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.

    Облыстағы тағы бір әлеуетті сала – туризм. Бірақ туристердің 80 пайызы Бостандық ауданына барады. Қалған аудандардағы жағдай мен қызмет көрсету деңгейі төмен. Сондықтан «Паркент», «Ангрен» және «Ахангаран» таулы аймақтарында туристік кластерлерді ұйымдастыруға болатыны көрсетілді.

    Жиында әлеуметтік саланы дамыту, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне де назар аударылды. Нурафшанда университет ашу, көпсалалы медициналық орталық салу, оқу орындарын жөндеу міндеттері қойылды.

    Халықты баспанамен қамтамасыз ету үшін 100 млрд сум субсидия бөлініп, Зәңгіата ауданында «Жаңа Өзбекстан» массиві құрылатыны айтылды. «Менің алғашқы үйім» жаңа ипотекалық бағдарламасын енгізу туралы ұсыныс жасалды.

    Баяндамадан кейін облыстық кеңес депутаттары кандидаттың жоспарын талқылап, өз пікірлерін білдірді. Ташкент облысының әкімін тағайындау мәселесі дауысқа салынды. Оның қорытындысы бойынша Зойир Мирзаев Ташкент облысының әкімі болып бекітілді.

    Президент халық өкілдері үлкен сенім артқан әкімге өз қызметінде әділеттілік, адалдық, жанқиярлық пен жауапкершілік танытып, Ташкент облысы халқына аянбай қызмет етуі керектігін айтты.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates