Ташкент облысының өнеркәсіп орындары зерттелді

    Ел назарында 3 Iyun 2022 1263

    Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары О.Рустамов пен жергілікті әкімдіктердің басшылары бастаған жұмысшы тобы Ташкент облысындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарының қызметін жан-жақты үйренді. Атап айтқанда, «Ангрен Каолин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Ангрен қаласындағы «Өзбеккөмір» ААҚ мысалында өңірдегі өнеркәсіп нысандарын кеңейту және жаңғырту перспективалары зерделенді.

    Кәсіпорындар басшыларымен, жұмысшыларымен және құрылтайшыларымен болған әңгімелерде Ташкент облысындағы тауар өндірушілердің алдында тұрған нақты және жүйелі мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды жедел шешу тетіктері әзірленді. Бұл ретте, басқа да шаралармен қатар кәсіпорындардың өндірістік кооперациясын кеңейту арқылы өндіріс көлемін ұлғайту, шығарылатын өнім түрлерін кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктерін табуға басты назар аударылды.

    Облыс өнеркәсібін кешенді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Жобаларды жүзеге асыруда инвестиция тартуды жеделдету, қосылған құны жоғары өнім өндіруді ұлғайту және ішкі және сыртқы нарыққа тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету маңызды екені айтылды.

    Ангрен қаласының жергілікті атқарушы органдарының басшыларына жергілікті импорттың құрамына кешенді талдау жүргізу, сұранысқа ие тауардың нақты түрлерін анықтау тапсырылды. Өңірдің табиғи артықшылықтары мен өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, болашағы зор жобалық ұсыныстар әзірленетін болады. Одан кейін оларды зерделеу, жетілдіру және енгізу үшін «Жобалық топқа» ұсыну міндеті қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates