Ташкентте “Хизб ут-Тахрирдың” 10 мүшесі қолға алынды

    Қауіпсіздік 15 Sentabr 2021 863

    Анықталған “тахриршылардың” баршасы бұрын аталмыш ұйым ретінде жасаған қылмысы үшін жазалану мерзімін өтеп шыққан тұлғалар саналады.

    Үстіміздегі жылдың 15 сентябрі күні құқық қорғау мекемелері тарапынан Ташкент қаласының Алмазар ауданында жасайтын 10 “Хизб ут-Тахрир” діни экстремистік ұйымы мүшесінің қылмыстық қызметіне шек қоюға қаратылған жедел шаралар өткізілді.

    Анықталған “тахриршылардың” барлығы бұрын аталмыш ұйым ретінде жасаған қылмысы үшін жаза мерзімін өтеп шыққан тұлғалар саналады. Олар Интернет тармағы арқылы шетелде жасырынып жүрген “Хизб ут-Тахрир” мүшелерімен байланыс жасап, олардың нұсқаулары негізінде тұрғындар арасында ұйымның идеяларын насихаттау және жақтастарының қатарын кеңейтумен шұғылданып келгендер.

    Аталмыш тұлғаның жасау мекенжайында және ұялы байланыс құралдарында “Хизб ут-Тахрирға” тиісті болған әдебиеттер мен материалдар бар екені анықталып, процессуалдық тәртіпте ресмилендіріп алып қойылған.

    Қазірде олардың заңсыз әрекеттеріне құқықтық баға беру және жауапкершілікке тарту мақсатында, тергеу-іздестіру шаралары жалғасуда, деп хабарлады ІІМ Терроризм және экстремизмге қарсы күрес бас басқармасы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates