Бұл туралы Қалдықтарды басқару және циркулярлы экономиканы дамыту агенттігі хабарлады.

 Айтылуынша,2025 жылы Ташкент қаласында 1,1 миллион тонна қоқыс жиналған. Қазірде қалада қоқыс қызметіне тіркелген абоненттер саны 755 мыңды құрайды, ал көрсетілген қызметтер үшін есептелген қарыз көлемі 19 млрд 919 миллион сумды құрайды.

Талдауларға орай, тәулігіне қалада 3000–3500 тонна қоқыс жиналады, оның 0,1 пайызы  яғни 3–3,5 тоннасы нан және азық-түлік қалдықтары.

Агенттіктің ақпараты бойынша, жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мұндай қалдықтар айтарлықтай азайған.