Көрме академиясы, Көркем шығармашылар ұйымы, Ташкент Фотосуреттер үйі, Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Туризм комитеті, «Auto.uz» және ЛА КУБА ынтымақтастығында ұйымдастырылған көрмеде табиғат, технология және экологияның өзара әсерін паш ететін 50 картина мен 4 тематикалық инсталяция ұсынылды.
Көрмеде табиғаттан шабыттанған көріністер мен мифтік фигуралар, технология мен табиғат арасындағы тепе-теңдікті көрсететін экспозициялар мен таза табиғат пен тіршілік көзінің бейнелері де орын алған.
Айта кету керек, бұл көрме адамдарды табиғатқа көбірек көңіл бөлуге шақырады. Онда 2050 жылға қарай әлем су тапшылығының күрделі проблемасына тап болатыны, технологиялардың қоршаған ортаға тигізетін ықпалының күшеюі, экологиялық дағдарыстың туындау мүмкіндігі сияқты мәселелерге ерекше мән берілген.
Көрме 23 февральға дейін жалғасады.