Ташкентте Иранның ШЫҰ-ға кіру тәртібі келісіп алынды

    2022 жылғы 11 мартта Ташкент қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасының өкілетті өкілдері кеңесулерінің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қою рәсімі өтті. Құжатта Иранның ШЫҰ-ға мүше болу жөніндегі міндеттемелері туралы Меморандум жобасы мақұлданды.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норов, ШЫҰ-ның тұрақты қызметін жүргізуші құрылымдарының басшылары, мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілері, сондай-ақ Қытай мен Иранның Ташкенттегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

    Хаттамаға қол қою өткен жылы ШЫҰ-ның Душанбе саммитінде сегіз мемлекет басшылары Иранды Ұйымға мүшелікке қабылдау тәртібін бастау туралы қаулысын жүзеге асыру жолында маңызды іс жүзіндік қадам болды.

    Бұл құжат Иран тарапы мүше болған соң ШЫҰ Хартиясы, халықаралық келісімшарттар мен Ұйым аясында қабылданған құжаттарының мақсат және қағдаттарын ұстануға, мүше мемлекеттермен достық және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және ШЫҰ-ның халықаралық, аймақтық мәселелердегі беделін арттыруға өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетеді.

    Осы үдерістің кезектегі басқышы ағымдағы жылдың сентябрь айында Самарқантта өтетін ШЫҰ Саммиті аясында өзара түсіністік және осы Міндеттемелерді орындау туралы меморандумға қол қою болады. Осыдан кейін ұйымға мүше елдердің басшылары Иранға ШЫҰ-ға мүше мәртебесін беру мәселесін қарастырады.

    Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норов өз сөзінде Иран 2005 жылдан бері бақылаушы мемлекет ретінде ШЫҰ қызметіне қатысып келе жатқанын атап өтті. Ел аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша негізгі органдардың жиналыстарында және мәслихаттарына тұрақты түрде қатысады. Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасының өкілетті құрылымдары ШЫҰ-ның Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымымен іс жүзіндік байланыстар орнатып, жалғастырып келеді.

    «Иран сияқты елдің ШЫҰ-ға қосылуы Ұйымның «географиялық жауапкершілігі» аумағын кеңейтіп, аймақтық ынтымақтастықты дамытудың жаңа болашағын ашады. Ұйымымыз Еуразия кеңістігіндегі кең трансконтиненталды ынтымақтастыққа сенімді қадам басып келеді. Бұл аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретіні сөзсіз», - дейді Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары В.Норов.

    Салтанатты шараға бейнеконференциябайланыс арқылы қатысқан ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минг бұл шараны ұйымдастырғаны үшін ШЫҰ-ға төрағалық ететін Өзбекстан тарапына және Иранның ШЫҰ-ға қосылуы туралы келісім құжаттары бойынша жүйелі түрде үйлестірілген істері үшін барлық тараптарға алғысын білдірді.

    Мәслихаттасуларда сөз сөйлеген делегациялар Өзбекстан тарапының ШЫҰ-ға төрағалығы аясындағы іс-әрекеттерді, сондай-ақ Ұйымның халықаралық рөлі мен беделін одан әрі нығайту жолындағы жұмысты жоғары бағалады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates