Қазақ киносының күндері «Сұлтан Бейбарыс» толықметражды көркем фильмінің көрсетілімімен ашылды.

Көрермендер  қазақ киногерлері түсірген «Дос-Мұқасан», «Паралимпиадашы», «1941 жылдың жазы», ​​«Патриоттар ғасыры», «Әмин ағаның ғажайып бәйтерегі» фильмдерін тамашалай алады, деп хабарлайды Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.