Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының ІІ-Экономикалық форумы жұмысын бастады

    Өзбекстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы аясында ағымдағы жылдың 16 авгусында Ташкентте Екінші экономикалық форум өз жұмысын бастады.

    Шара тікелей және онлайн режимде экономикалық және сауданы дамытуға, инвестиция тартуға жауапты министрліктер мен еңселердің, салалық бірлестіктердің, коммерциялық банктердің, ірі мемлекеттік корпорациялардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының басшыларын, сарапшыларды және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басқа да мүшелерін диалогқа шақырды.

    Форумның күн тәртібіне сәйкес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің экономика және сауда министрліктерінің басшылары мен ұйым хатшылығы өкілдерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті.

    Форумға қатысушылар алдында Өзбекстан делегациясы атынан Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары Азиз Воитов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ШЫҰ өңірінің инвестициялық әлеуетін бірлесіп дамыту, өзара инвестицияларды ынталандыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу, тауар айналымы көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз ету, өзара тәуелділікті нығайту, көлік жеткізу тізбектерінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігі және агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ біргелікте іс-әрекеттер жасау сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттарына тоқталды.

    Форумға қатысушылар ШЫҰ елдері арасындағы сауда көлемінің ұлғаюының тұрақты, оң динамикасын ерекше атап өтті. 2021 жылы Ұйымға мүше елдердің сыртқы саудасының көлемі 8 триллион доллардан асып, үштен біріне, ал ШЫҰ елдері арасындағы ішкі сауда көлемі 40 пайызға дерлік артып, 768 миллиард долларға жетті.

    Панельдік пікірталас барысында “Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан” теміржолы мен Трансауған дәлізінің құрылысы сияқты өңірлік маңызы бар жобаларды жеделдету мәселесіне назар аударылды. Бұл өз кезегінде ШЫҰ-ның бірқатар елдерінің аумақтары арқылы жүк тасымалдау көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

    Баяндамашылар бұл шара көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту перспективалары туралы пікір алмасу үшін бірегей алаң қызметін атқаратынын атап өтті.

    Форумның бірінші күні аясында ШЫҰ индустриялық-инновациялық жәрмеңкесіне қатысушылар мен түрлі елдер делегациялары арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.

    Форумның екінші күнінде басым инвестициялық жобалар, халықаралық ынтымақтастықтың нақты сипаттары, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды қалпына келтіру шаралары, цифрландыру дәуіріндегі ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ ШЫҰ кеңістігіндегі жасыл экономиканы дамытуға арналған бірқатар панельдік талқылаулар өтеді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates