Ташкентте ШЫҰ-ның ІІ-Экономикалық форумы өтеді

    Үстіміздегі жылдың 16-17 август күндері Өзбекстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Төрағалығы аясында Ташкент қаласында II-Экономикалық форум өтеді.

    Бірінші рет 2021 жылдың июнь айында Душанбе (Тәжікстан) қаласында өткен Форум Ұйым ішіндегі қарым-қатынастарды дамыту және одан әрі нығайтуға қызмет ететін нәтижелі диолог платформасы ретінде өзін көрсетті.

    Шараның негізгі мақсаты – тараптардың назарын өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың проблемалары мен болашақтарына назар аудару, ШЫҰ кеңістігіндегі қарым-қатынастарды кеңейту бойынша тиімді іс-шараларды әзірлеу болып табылады.

    Жалпы мәжіліс, панельдік пікірталастардан, екіжақты кездесулерден, B2B келіссөздерден тұратын Форумның шараларға толы күн тәртібі цифрлық экономиканың әлеуетін, «жасыл» технологияларды, аумақаралық ынтымақтастықты, инвестициялық, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту және басқа да үстем бағыттарды ашуға арналған.

    ШЫҰ Экономикалық форумы тек үкіметаралық диалогты орнатудың ғана емес, сонымен қатар іскер топтар мен кәсіпорындар өкілдерінің өзара ынтымақтастығын орнатудың, сондай-ақ ШЫҰ кеңістігінің өңірлеріне инвесторларды тартудың тиімді алаңына айналады деп күтілуде, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі хабарлады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates