Ташкентте ШЫҰ туристік форумы өтеді

    Туризм 5 May 2022 1443

    Үстіміздегі жылдың 19-20 май күндері Ташкенттегі «Hilton Tashkent City» қонақүйінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің туризм саласының өкілдерімен кездесу өтеді.

    Шара Өзбекстан Республикасының 2022 жылғы ШЫҰ саммитіне төрағалық етуі аясында ұйымдастырылды.

    20 майда академиялық және іскерлер аясында, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің туризм саласы өкілдері қатысуында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа басқышы: туризм және мәдени мұра» атты туристік форум өтеді. Форум қатысушылары халықаралық туризмнің өзекті мәселелерін, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауды, сондай-ақ туризм және мәдени мұра саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылайды.

    Жиналыста туризм саласының басшылары туристік саяхаттарды қайта қалпына келтіруді жеделдету бойынша бірлескен бастамаларды, туризмнің экономикалық өсу мультипликаторы ретінде рөлін арттыратын жаңа жобалар мен бағдарламаларды қарастырады.

    Алдағы жиналыстар күн тәртібінде Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы мұражай ісі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобаларын үйлестіру де орын алған, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates