Ташкентте «Space Technology Conference STC-2022» халықаралық конференциясы жалғасуда

    Қазірде Ташкентте «Space Technology Conference STC-2022» халықаралық конференция өтуде. Оған бірнеше шет мемлекеттердің өкілдері де қатысуда.

    Бүгін, 10 майда конференцияның ашылу салтанатына Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов қатысып, сөз сөйледі.

    АКТ министрі соңғы жылдарда Өзбекстанның ақпараттық технологиялар саласына үлкен көңіл бөлінгенін, Өзбекстан Президенті бұл саладағы үстем міндеттерді белгілеп бергенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту бойынша үлкен міндеттер қойды және үлкен жұмыстар басталды. Соңғы айларда Өзбекстан әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген IT мамандары мен компанияларын тартатын орталыққа айналды.

    Президент Өзбекстанды аймақтық ақпараттық технологиялар хабына айналдыру бойынша үлкен міндеттерді белгілеп берді және бұл міндеттерді жүзеге асырудағы ең үлкен қадамдарының бірі осы конференция болса керек. Өйткені бұл конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген сарапшылар мен мамандар қатысуда. Біз цифрландырумен бірге ғарыштық зерттеулерді бірге жүргіземіз», - деді АКТ министрі конференцияда сөйлеген сөзінде.

    Министр сөзіне қосымша жасап, спутниктік байланыс өңірлердегі халықты заманалық телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ететінін айтты.

    «Біздің түпкі мақсатымыз – шалғай, таулы, шөлді және далалы аймақтардағы тұрғындардың сапалы және сенімді телекоммуникациялық қызметтерге сұранысын тиімді бағамен қамтамасыз ету. Сонымен бірге, ғарыштық технология деректерін біріктіру арқылы мүмкіндігі барынша еліміздің барлық саласының экономика тармағын цифрландыруда алдымызға қойылған міндеттерге барынша жылдам қол жеткізе аламыз.

    Адам факторын азайту, шынайы жағдайды ғарыштық технология арқылы жылдам әрі оңай зерттеу елімізде цифрландыру бойынша қойылған міндеттерді толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Ш. Шерматов.

    Сондай-ақ халықаралық конференция аясында бірқатар халықаралық компаниялардың өкілдерімен де кездесулер өтті. Бұл туралы толығырақ ақпарат берілетін болады, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates